загрузка...
загрузка...
На головну

Популяциялар санының динамикасы

  1. Биологиялық алуан түрлілік - популяциялар, биоценоздар мен экожүйелердің тұрақтылығының шарты.
  2. Популяциялар санының ауытқулары
  3. ТАҚЫРЫБЫ: ПОПУЛЯЦИЯЛАР ЭКОЛОГИЯСЫ- ДЭМЭКОЛОГИЯ. ТҮР. ТҮРДІҢ КРИТЕРИЙЛЕРІ ЖӘНЕ ПОПУЛЯЦИЯ ҚҰРЫЛЫМЫ
  4. Экожүйелердің динамикасы мен дамуы.

Популяция дегеніміз - белгілі бір географиялық территорияда тіршілік етуге бейімделген, генетикалық шығу тегі бір, бір түрге жататын особьтар жиынтығы. Популяция латынның «попилус» -«халық, топ» деген мағынаны білдіретін сөзінен шыққан.

Әрбір жеке түрдің өзіне тән таралу аймағы болады. Олардың сол аймақтағы тобы, сан мөлшері әртүрлі болуы мүмкін. Популяцияның сан мөлшерінің аз немесе көп болуы түрдің шығу тегіне, тарихына, ареалдың көлеміне т.б. көптеген себептерге байланысты.

Популяция - белгілі бір территорияны мекендейтін шығу тегі бір, ұзақ жылдар бойы табиғаттағы санын тұрақты ұстап келе жатқан бір түрге жататын организмдер жиынтығы. Популяция ішінде үнемі тірішлік үшін күрес, басқа туыстық топтармен мүмкіндігінше шектелген формалар тіршілік етеді. Олар бір-бірінен - жергілікті, экологиялық, географиялық популяциялар деп бөлінеді. Популяцияларды осылайша жіктеу Н.П.Наумов жүйесіне негізделеді.

Популяция - биологиялық бірлік ретінде өзінің белгілі құрылымы, қасиеті және атқаратын функциялары арқылы ерекшеленеді. Популяция құрылымы ондағы особьтар санымен және кеңістікте таралуымен сипатталады. Ал, популяцияның функциясы басқа биологиялық жүйелермен ұқсас келеді. Популяцияға тән қасиеттерге өсу, даму, көбею, орта жағдайларының өзгерісіне бейімділігі, генетикалық шығу тегі, экологиялық жағдайлары жатады.

Элементарлы (жергілікті) популяция - табиғаты бірегей кішігірім территорияларды мекендейтін бір түрге жататын особьтар жиынтығы. Элементарлы популяциялардың табиғаттағы саны,даму эволюциясы мен ұзақтығы биоценоздағы күрделі немесе қарапайымдылығына, бірегейлігіне байланысты болады.

Табиғатта жергілікті популяциялардың араласып кетуі бір-бірінің арасындагы шекараны жойып,түрлердің ұсақтап кетуіне әкеліп соғады.

Экологиялық популяция - жергілікті популяциялардың жиынтығы негізінде қалыптасады негізінде түр ішіндегі топтары болғандықтан белгілі бір биоценозда тіршілік етуге бейімделген.

Мәселен, кәдімгі ақ тиін көптеген ормандарда кең таралған. Сондықган олардың «карағайлық», «шыршалық» немесе т.б. экологиялық популяциялары көптеп кездеседі. Олар бір-бірімен нашар жекеленгендіктен генетикалық алмасулар элементарлы популяцияға қарағанда сирек ұштасады.

Географиялық популяция - географиялық жағдайлары бірегей территорияларды қамтитын,особьтар топтарын құрайтын экологиялық популяциялардан тұрады.Географиялық популяциялар салыстырмалы түрде бір-бірімен нақты шектелген әрі өсімталдығы, особьтар формасы, экологиялық қатарлары, физиологиялық мінез-кұлқы және басқа да қасиеттері арқылы ерекшеленеді. Популяциялардың осылайша ұзақ жылдар бойы жекеленуі бірте-бірте географиялық раса немесе жаңа түр формаларын дүниеге алып келуі мүмкін. Ондай түрлерді географиялық түр тармағы, раса немесе сол түрдің синонимі ретінде қарастырады. Мәселен, кәдімгі ақ тиіннің 20-дан астам географиялық популяциясы бар.Табиғатта популяцияның шекарасы мен дене тұрқы оның қандай территорияны мекендейтіндігінде емес популяцияның өзінің жене қасиеттерімен сипатталады. Н.П.Наумовтың зерттеулері бойынша популяциялардың ұсақ территорияларға таралуы олардың көптүрлілігін және генфонын байытады деп тұжырымдайды. Осыған байланысты табиғатта абсолютті популяция болмайды. Өйткені, әрбір түр өзінің даму эволюциясы барысында уақыт пен кеңістікке қатысты миграция (орын ауыстыру) кезінде бір-бірімен араласып отырады. Ал, өсімдіктер болса тозаңдарының жел арқылынемесе өсімдіктер арқылы кең таралып жатады. Нәтижесінде, түршегіндегі популяциялардың әр түрлі формалары қалыптасып отырады. Сондықтан популяцияға экологиялық тұрғыда толық анықтама берілген жоқ. Осы бағытта С.С.Шварцтың көзқарасы қолдауға тұрарлық бағыт. Онда: «Популяция дегеніміз жеке түрдіңсандық және сапалық параметрлерімен сипатталатын түр ішіндегі тіршілік формалары ұқсас особьтардың топтары» - деп анықтамаберіледі.



  7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22   Наступна

ПӘНДІ ОҚЫТУ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ | ЕМТИХАНҒА ДАЙЫНДАЛУҒА АРНАЛҒАН БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ | Білімді бағалау кестесі | Ескерту: *- кредит санына байланысты қойылады | Пән бойынша студенттердің білімін қорытынды бағалау | Тақырыптық жоспары | ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ | Экологияның даму бағыттары. | Биосфера эволюциясы | Биосфера эволюциясы |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати