загрузка...
загрузка...
На головну

Экологияның даму бағыттары.

Экология-биология ғылымдарының көрнекті және қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Экологияны биология ғылымына енгізген австриялық ғалым-биолог Э. Геккель еді. Экология - гректің (oikos - үй, тұрақ, мекен жөне logos - ғылым), қазақша тірі ағзалардың тіршілік ететін ортасы мен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым деген мағына береді. Сондай-ақ, тірі ағзалардың бір-бірімен қарым-қатынасын, айналасын қоршаған ортамен, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін биология ғылымдарының бірі.

Эрнест Геккель өзінің әлемге әйгілі "Организмдердің жалпы морфологиясы" деген еңбегінде (1866) алғаш peт "Экология" терминін қолданып, оның ғылыми анықтамасын берді.

Экологиялық зерттеулер орта ғасырда (XVII) ағылшынның ұлы ғалым-биологы Чарльз Дарвин "Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің пайда болуы" атты еңбегінде биология ғылымдарында күтпеген жаңалық аша отырып, экология ғылымының дербестігіне жол береді.

Э. Геккелдің экология ғылымына қосқан үлесіне кейінгі кезде көптеген ғылыми деректер қосылып, экология ғылымы әр қарай дами түсті. Оның зерттеу объектісі айқындалып, мазмұны мен міңдеттері Ежелде тек тірі ағзаларға қатынасты бағыт алған экология ғылымы қазір өзінің зерттеу көлемін кеңейте отырып (адам - биосфера - қоғам) биосфера ортасындағы қарым-қатынастарды және биосфера, атмосфера шегіндегі әлемдік жаңалықтар мен өзгерістерді адамзат баласының шаруашылық жағдайларындағы іс-әрекетімен байланыстыра отырып зерттейтін комплексті ғылымға айналады. Экология ғылымдары жоғары деңгейге көтеріле түсті.

Экология ғылымдарының осы кездегі мазмұны мен міндеттері өте күрделі. Дара ағзасы (особь) мен айналаны қоршаған ортаға бейімделу (адаптация), популяциялар арасындағы қарым-қатынастар биоценоз, биоценологиялық зерттеулер биология ғылымдарымен ұштасып жатса, ортаның өзгерістері, жылу белдеулері мен географиялық , топырақтың физикалық, химиялық, және биологиялық құрамы, абиотикалық факторға

байланысты ағзалардың бейімделуі биологиялық зерттеуге ұласады.

Экология - ағзалардың арасында болатын (особьтар, түр, түр-аралық популяция аралық, биоценоз, биогеоценоз) қарым-қатынастарды айналаны қоршаған табиғи ортамен байланыстыра отырып, зерттеулермен қатар, биосферадағы өзгерістерді, құбылыстарды, табиғи зандылықтарды биосфера шегінде әлемдік ауытқуларды адамның іс-әрекеттерімен үйлестіре отырып зерттейтін комплексті ғылымдар жиынтығы.

Ал экология ғылымының ең басты мақсаты биосфера шегіндегі
әлемдік жағдайды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын
сақтау. Адам - қоғам - биосфера арасындағы қарым-қатынастары
үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың адам
нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу. Экология ғылымдарын зерттеу мөлшері - биологиялық және химиялық микро және макрожүйелер (түрлі популяция, биоценоз, экожүйелер т.б.) мен оның уақытпен кеңістікке қатысты тіршілік тәуліктік, маусымдық, жылдық, ырғағы.

Экология ғылымының негізгі зерттейтін бағыттары:

1. Ағзалардың бір-бірімен қарым-қатынастары мен айнала қоршаған табиғи ортасы.

2. Биоценоз, экожүйелердегі уақыт пен кеңістікке байланыс туындайтын өзгерістері.

3. Табиғат ресурстары оны тиімді пайдалану жөне қорғауды ғылыми-теориялық негіздері.

4. Адам-биосфера-қоғам арасындағы гормониялық байланыстарын реттеу.

5. Биосфера шегіндегі биологиялық зандылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамсыздандыру. Биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтаудың әлемдік нооэкологиялық деңгейге көтеру болып есептелінеді.

Биоэкологиялықзерттеулер бағыты. Биоэкология бірнеше зерттеу облыстарына бөлінеді: аутэкология, демэкология, эйдэкология, синэкология, т.б.

Аутэкология- жеке организмдер (особь) арасындағы қарым қатынастарды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Яғни, жеке организмге табиғат факторлары қалай әсер етеді, оған организм қалай жауап береді, организмдегі морфологиялық, физиологиялық өзгерістер туралы мәселелер қарастырылады. Одан әрі зерттеулер тереңдетіліп, биохимиялық, биофизикалық, генетикалық сипат алады. Нәтижесінде жеке организмнің биоэкологиялық қасиеттері арқылы жалпы түрге, оның табиғатта алатын орнына, ролі мен маңызына, айнала қоршаған ортаның өзгерісі, тазалығы, ластану деңгейі, маусымдық өзгеруі мен адамның іс-әрекеті туралы практикалық маңызына жан-жақты сипаттама беріледі.

Демэкология- бір түрге жататын организмдер (особьтар) тобын, яғни популяцияларды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Бір түрге жататын организмнің топ құрып тіршілік ету ерекшеліктері, биологиялық құрылыс (жас, жыныс, көбею, өлу, табиғаттағы саны, тығыздығы, дамуы, т.б.) табиғаттағы саны мөлшерінің реттелуі мен ауыл шаруашлығындағы маңызы туралы мәліметтер қарастырылады.

Эйдэкология- түр мен оның популяцияларын органикалық дүние дамуының жоғары деңгейі тұрғысында қарастырылады. Өйткені, особь, популяция белгілі бір нақты түрдің өкілдері. Сондықтан эйдэкология, особь, популяция, түр, биоценоз-биогеоценоз (экожүйе) - биосфера деңгейіндегі қарым-қатынастар жүйесі бойынша зерттеулер жүргізеді.

Синэкология- бірлестіктер экологиясы (биоценология) ретінде әр-түрлі түрлерге жататын популяциялар (өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер) жиынтығын біртұтас организмдер деңгейінде зерттейді. Организмдер бірлестіктерінің қалыптасуы, құрылымы, динамикасы, қарым-қатынастар, энергия және зат алмасулар, сандық және сапалық өзгерістер, биологиялық өнімділігі мен бірлестіктердің тұрақтылығы туралы жан-жақты мәселелер каралады.

Геоэкология - экологиялық жүйелерді биосфералық деңгейде қарастырады. Құрлық пен дүниежүзілік мұхиттардағы экожүйелер, ондағы қарым-қатынастар мен байланыстар, географиялық ландшафтар бойынша экожүйелердің құрылымы, бірлестіктері, тұрақтылығы, кеңістік пен уақытқа қатысты өзгеруі, экожүйелер өнімділігі, агро және антропогендік экожүйелер, олардың прак-тикалық маңызы туралы зерттеулер жиынтығы.

Ғаламдық экология - табиғи және табиғи іс-әрекетінен туын-дайтын биосфера шегіндегі, тіптен күн жүйесіндегі әлемдік өзгерістер мен құбылыстарды зерттейді. Мәселен, ядролық қауіп-қатер, экологиялық апаттар, әлемнің климаттық ауытқуы, шөлейттену, жаппай қырып жоятын қарулар, қатерлі эпидемиялар т.б. Осы бағыттағы ірі-ірі бүкіл әлемді (ғаламды) қамтитын проблемаларды қарастырады.

Адам экологиясы - ауыл, село, қала тұрғындары мен дүниежүзі халықтарының сандық және халықаралық қарым-қатынастарды үйлестіру, көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру, экологиялық мәдениет, этика, моральдық жағынан парасаттандыру, адамдардың экологиялық құқын қорғау және этноэкологиялық проблемаларды жан-жақты зерттеу, Жер шары тұрғындарының экологиялық қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету жолдарын іздестіреді.

Нооэкология - адам, табиғат, қоғам арасындағы адами, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағдайларды, қарым-қатынастарды бір-бірімен үйлестіре зерттей отырып, одан туындайтын проблемаларды адамның парасатты ақыл-ойымен шешуді қамтамасыз етеді. Табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың ең жоғарғы дәрежедегі жаңа технологиясын жасау, планетадағы адамзат қауымын азық-түлік, энергия және шикізатпен қамтамасыз ету, халықтар мен ұлттар арасындағы достықты, ауызбіршілікті қалыптастыру, этноэкология, экологиялық білім мен тәрбие, мәдениет, мораль, құқық, т.б., адам мен биосфера шегіндегі тұрақты дамудың адами жоспарларын жасап, оны жүзеге асырудың жолдарын іздестіреді.

Бақылау сұрақтары:

1. Экология ғылымының мазмұны мен міндеттрері.

2. Биоэкологиялық зерттеулер бағыты.

Әдибиеттер:

4. Ж. Ж. Жатканбаев. Экология негіздері. Алматы 2003 ж.

 



  3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18   Наступна

Оршаған ортаны қорғау» кафедрасы | Атырау 2012 | ПӘНДІ ОҚЫТУ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ | ЕМТИХАНҒА ДАЙЫНДАЛУҒА АРНАЛҒАН БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ | Білімді бағалау кестесі | Ескерту: *- кредит санына байланысты қойылады | Пән бойынша студенттердің білімін қорытынды бағалау | Тақырыптық жоспары | Биосфера эволюциясы | Экологиялық факторлар. Факторлардың организмдерге әсері. |

загрузка...
© um.co.ua - учбові матеріали та реферати