Головна

ПӘНДІ ОҚЫТУ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

  1. Экологиялық мониторинг. Экологиялық мониторингке түсінік және оның міндеттері.

2.1 Кіріспе (пән туралы қысқаша мағлұмат)

Пәннің оқу әдістемелік кешенінінде экология ғылымы организмдердің өзара және қоршаған ортамен байланысын, дамуын және қарым-қатынас заңдылықтарын зерттеу, қоршаған ортаны қорғау процестеріндегі қарым-қатынастың тиімді табиғат пайдалану принциптері және стратегиясын қарастырады. Сонымен бірге табиғи ресурстар - атмосфералық ауа, су, топырақ, күн және ғарыш радиациясы, пайдалы қазба байлықтары, климат, өсімдіктер, жануарлар дүниесі, сарқылатын табиғи ресурстар, сарқылмайтын табиғи ресурстар, биологиялық ресурстар: өсімдіктер ресурсы және жануарлар ресурсы, ерекше қорғалатын аймақтар жүйесі: қорықтар, мемлекеттік бақтар, ұлттық ескерткіштер т.б. сипатталады.

Адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды - тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс.

«Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. Табиғаттың және қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтары туралы біртұтас түсінік қалыптастыру экологиялық мәселенің негізгі мақсаты - болып табылады.

2.2 Пәнді оқытудың мақсаты

Экология және тұрақты даму пәнінің теориялық негізімен таныстыру, білім кешенін қалыптастыру, практикамен ұштастыра білуге дағдыландыру.

2.3 Курстың міндеттері

- студенттерде табиғаттың және қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтары туралы біртұтас түсінік қалыптастыру.

- студенттердің экологияның, коршаған ортаны қорғаудың және тұрақты дамудың күрделі және шиеленіскен мәселелерін талқылауда ауқымды кешенді, объективті және шығармашылық көзқарасын қалыптастыру.

- әртүрлі мемлекеттердегі және Қазақстан Республикасындағы тұрақты

дамудың тұжырымдамалары, стратегиясы және практикалық міндеттері туралы заманауй түсініктерді қалыртастыру.

2.4 Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі тиіс

- Қоршаған орта мен тірі организмдер арасындағы байланысын

- Атмосфера, Гидросфера, Литосфера ластануы және қорғау шараларын

- Өндіріс қалдықтарының қоршаған ораға әсерін

2.5 Теориялық материалды меңгеру нәтижесінде студент қолдана білу керек

- практикалық жұмыстарды жасай білу

- анықтама әдебиеттерді қолдана білу

2.6 Пәнді оқу нәтижесінде студент игеруі керек

- табиғи және антропогендік экологиялық процесстерді анықтап, талдауы және олардың реттелуінің ықтималды жолдарын болжауы;

- биосфераның тұрақтылығын сақтау және адамзат қоғамының апатты күйзелістерсіз дамуын қамтамасыз ету мақсатында, шаруашылық жүргізудің дәстүрлі формалары мен адамдардың тіршілік салттарын жоспарлы түрде өзгертуге бағытталған, адамзаттың тұрақты дамуының осы заманғы тұжырымдамалары мен стратегияларын ажырата білуі

2.7 Пәнді оқу нәтижесінде студент сай болуы керек:

- экологиялық процестерді талдап, табиғат қорғау қызметінде тнақтылы міндеттер қойып басым бағыттарды белгілеуге және алған білімдерін экологиялық мәселелерді шешу үшін пайдалануға машықтануы тиіс;

- биосфераның дамузаңдылықтары, оның тұрақтылығының сақталу шарттары, сондай - ақ, әртүрлі мемлекеттерде, соның ішінде Қазақстан Республикасында Тұрақты даму идеясының іске асырылуыжөнінде білімдер жинақтауы тиіс.

3. оқу пәнінің мазмұны және жоспары

Тақырыптың атауы мен мазмұны Сағат саны Ұсынылатын әдебиеттер
Модуль I Жалпы экология  
№1 Дәріс тақырыбы: Экология пәні,мазмұны,мақсаты,міндеттері.Экологияның даму бағыттары. НӘ1,3 ҚӘ1,4
№2 Дәріс тақырыбы: Биосфера. Биосфераның құрамы. мен құрылысы. В.И.Вернадскийдің ілімі. Биосфера эволюциясы. НӘ2,5 ҚӘ3,4
№3 Дәріс тақырыбы: Экологиялық факторлар. Факторлардың организмдерге әері. НӘ1,3 ҚӘ1,5
№4 Дәріс тақырыбы: Популяциялар экологиясы. Популяцияны сипаттайтын негізгі қасиеттер. Популяция санының динамикасы. НӘ1,2 ҚӘ1,4
№5 Дәріс тақырыбы: Экосистема.Биоценоз. НӘ1,2 ҚӘ1,4
№ 6 Дәріс тақырыбы: Организмдердің бір -бірімен байланысы. Экологиялық қуыс. НӘ1,2 ҚӘ1,4
№7 Дәріс тақырыбы: Табиғатта заттар айналымы. НӘ1,2 ҚӘ1,4
Практикалық сабақтар  
№1 тақырыбы: Дара организмдер экологиясы - аутэкология. НӘ 3 ҚӘ 1,3 ӘН1
№2 тақырыбы: Биосфера және оның тұрақтылығы. Биосфера эволюциясы. НӘ 3 ҚӘ 1,3 ӘН1
№3 тақырыбы: Биосферадағы тұрақсыздықтың пайда болуының антропогендік факторлары. НӘ 1 ҚӘ 2,3 ӘН2
№4 тақырыбы: Қауымдастықтар экологиясы. НӘ 1 ҚӘ 2,3 ӘН2
№5 тақырыбы: Популяциялар экологиясы- дэмэкология. Түр. Түрдің критерийлері және популяция құрылымы. НӘ 4 ҚӘ 1,5 ӘН3
Өздік жұмыс (СМӨЖ+СӨЖ)  
Экосистема концепциясы. НӘ 3,4 ҚӘ 1,2,5
Экология-Экономика-Саясат. НӘ 3,4 ҚӘ 1,2,5
Қазақстан территориясындағы қорықтар,заказниктер және олардың табиғат қорғауындағы ролі.. Олардың маңызы және мақсаты. НӘ 3,4 ҚӘ 1,2,5
Демография және экологиялық мәселелер НӘ 3,4 ҚӘ 1,2,5
Жалпы экологиялық мәселелерді кейбір шешу жолдары. НӘ 3,4 ҚӘ 1,2,5
Биологиялық әртүрілікті сақтау жолдары . НӘ 3,4 ҚӘ 1,2,5
Өсімдіктер әлемін қорғау. НӘ 3,4 ҚӘ 1,2,5
  Модуль II Қолданбалы экология  
№8 Дәріс тақырыбы: Атмосфераны қорғау. Атмосфераға антропогенді әсердің ықпалы. Атмосфераның құрылысы мен газдық құрамы. Атмосфераны ластайтын заттектерді топтастыру.Атмосфераны ластанудан қорғау жолдары. НӘ1,3 ҚӘ1,5
№9 Дәріс тақырыбы: Гидросфераға антропогенді әсердің ықпалы. Гидросфера туралы негізгі мәліметтер. Гидросферанның өздігінен тазалау әдістері Ақаба суды тазалау әдістері.Судың маңызы. НӘ1,3 ҚӘ1,5
№10 Дәріс тақырыбы: Литосфераға антропогенді әсердің ықпалы. Литосфераның құрылысы, құрамы және қасиеті. НӘ1 НӘ2 ҚӘ1
№11 Дәріс тақырыбы: Қалдықтар. Қалдықтар класификациясы. Қалдықтар потенциалда шикізат көзі. НӘ1 НӘ2 ҚӘ1
№12 Дәріс тақырыбы: Экологиялық мониторинг. Экологиялық мониторингке түсінік және оның міндеттері. НӘ1 НӘ2 ҚӘ1
  Практикалық сабақтар    
№6 тақырыбы: Әлеуметтік экология. Адамның орнықты дамуының аспектілері НӘ 4 ҚӘ 1,5 ӘН3
№7 тақырыбы: Қалдықтарды тазалаудың әдістері мен тәсілдері НӘ 1 ҚӘ 2,3 ӘН2
№8 тақырыбы: Мониторинг жүргізудің әдістері мен тәсілдері НӘ 4 ҚӘ 1,5 ӘН3
  Өздік жұмыс (СМӨЖ+СӨЖ)    
Каспий теңізін қорғау.Оның қазіргі кездегі жағдайы. НӘ1,2 ҚӘ 1,2,3,4,5
Қоршаған ортадағы ауыр металлдар. НӘ1,2 ҚӘ 1,2,3,4,5
Атырау облысының экологиялық проблемалары. НӘ1,2 ҚӘ 1,2,3,4,5
Қазіргі экологиялық проблемалар. НӘ1,2 ҚӘ 1,2,3,4,5
Жер ресурстары және оларды қорғау. НӘ1,2 ҚӘ 1,2,3,4,5
Атмосфераға антропогендік әсер. НӘ1,2 ҚӘ 1,2,3,4,5
Су ресурстарының экологиялық мәселелері НӘ1,2 ҚӘ 1,2,3,4,5
  Модуль III Тұрақты даму - өркендеп дамудың стратегиялық бағыты  
№13 Дәріс тақырыбы: Тұрақты даму - өркендеп дамудың стратегиялық бағыты.Тұрақты даму тұжырымдамасы.Тұрақты даму тұжырымдамасын жасаудың алғышарттары.Тұрақты даму түсінігі. НӘ1 НӘ2 ҚӘ1
№14 Дәріс тақырыбы: Тұрақты даму принциптері мен даму тарихы. Тұрақты даму индикаторлары мен негізгі заңдылықтары.Қазақстан Республикасының тұрақты даму тұжырым-дамасына өтуінің негізгі ережелері НӘ1 НӘ2 ҚӘ1
№15 Дәріс тақырыбы: Қазақстан Республикасының тұрақты дамудағы мақсаттық көрсеткіштері.Қоғамның тұрақты дамуының əлемдік бастамалары. Тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялары бар қалалардың тəжірибелері НӘ1 НӘ2 ҚӘ1
Практикалық сабақтар  
№9 тақырыбы: Тұрақты даму тұжырымдамасы. Тұрақты даму концепциясы. НӘ 4 ҚӘ 1,5 ӘН3
№10 тақырыбы: Табиғатты қорғау және тұрақты даму. НӘ 4 ҚӘ 1,5 ӘН3
№11 тақырыбы: Табиғи ресурстар және табиғатты ұтымды пайдалану даму аспектілерінің бірі. Табиғи ресурстардың жіктелуі. Қоршаған ортаны оңтайландыру. НӘ 4 ҚӘ 1,5 ӘН3
Өздік жұмыс (СМӨЖ+СӨЖ)  
Қазақстан Республикасының тұрақты даму тұжырымдамасына өтуінің негізгі ережелері НӘ1,2 ҚӘ 1,2,3,4,5
Қоғамның тұрақты дамуының əлемдік бастамалары. НӘ1,2 ҚӘ 1,2,3,4,5
Табиғи ресурстардың жіктелуі. Қоршаған ортаны оңтайландыру НӘ1,2 ҚӘ 1,2,3,4,5
  Барлығы:  


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   Наступна

Оршаған ортаны қорғау» кафедрасы | Білімді бағалау кестесі | Ескерту: *- кредит санына байланысты қойылады | Пән бойынша студенттердің білімін қорытынды бағалау | Тақырыптық жоспары | ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ | Экологияның даму бағыттары. | Биосфера эволюциясы | Биосфера эволюциясы | Экологиялық факторлар. Факторлардың организмдерге әсері. |

© 2016-2022  um.co.ua - учбові матеріали та реферати